Исимбекова Айгуль Нусуппековна

Исимбекова Айгуль Нусуппековна - мектеп директоры. Мамандығы биология пәнінің мұғалімі. Республикалық Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, «ХVIII Сәтбаев оқулары» атты ғылыми конференциясының «Өнер» шығармашылық орталығының, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Информациятық-талдау орталығының» алғыс хаттарына ие болды. Биология пәні бойынша мұғалімдерге арналған КИО республикалық қашықтық олимпиадасының сертификатына ие болды.. Оқушылары да түрлі марапаттарға ие. Жакула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиадаға қатысып, Сәрсенова Гүлім сертификатпен марапатталды. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумында Мусаұлы Ясин«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойынша 3-орынды иеленді. Оқушылардың республикалық ғылыми жұмыстарының қалалық кезеңінде Маратбек Аружан 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде “Биология секциясы бойынша Маратбек А, Тұрсынхан Е. І жүлделі орындарға ие болды.
