Профориентациялық көмек » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
02 желтоқсан 2025 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары “Innovative College”мекемесінің ұйымдастыруымен өткен “Құқық саласы бойынша қылмыстық сот процесі”сахналық қойылымын тамашалады.
02
декабрь
2025
02 желтоқсан 2025 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары “Innovative
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға құқық саласының маңыздылығын түсіндіру, заң мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру, қылмыстық процестің қалай өтетінін тәжірибелік түрде көрсету болды. Сахналық қойылым барысында оқушылар: * қылмыстық істің тергелу кезеңдерін; * прокурор, адвокат, тергеуші, судья сынды құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлін; * сот процесінің негізгі тәртіптері мен талаптарын; * заң алдындағы жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін жан-жақты көріп, түсінді.
05.11.25 ж. мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Шәкәрім университеті» КеАҚ «Көлік жүйелері және логистика» мамандығы бойынша Абай облысының орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ұйымдастырған облыстық олимпиадаға қатысты.
05
ноябрь
2025
05.11.25 ж. мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Шәкәрім университеті»
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын айқындау, логистика және көлік саласына деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беру болды. Олимпиада барысында қатысушылар көлік жүйелерінің дамуы, логистикалық процестерді ұйымдастыру және заманауи инновациялық шешімдер туралы білімдерін сынады. Мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
5-6 сыныптар арасында “Менің болашақ мамандығым”атты тренинг өтті.
30
октябрь
2025
5-6 сыныптар арасында “Менің болашақ мамандығым”атты тренинг өтті.
 Тренинг мақсаты:оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар болашақта өз қабілеті мен бейіміне сай мамандық таңдауға бағыт беру.
14.10.25күні мектебіміздің 10-11-сынып оқушыларымен Семей медициналық университетінің өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
14
октябрь
2025
14.10.25күні мектебіміздің 10-11-сынып оқушыларымен Семей медициналық
 Кездесу барысында оқушыларға университет туралы толық мәлімет беріліп, медицина саласындағы мамандықтармен таныстырылды. Сондай-ақ, университет жанында “Medical Foundation” атты дайындық бөлімі жұмыс бастағандығы айтылды. Бұл бөлімге 10-11-сынып оқушылары ақылы түрде жазылып, медициналық бағыттағы пәндер бойынша тереңдетілген дайындықтан өте алатыны туралы ақпарат берілді. Кездесудің мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру болды.