27
январь
2026
27.01.26ж. Мектебімізге “Қазтұтынудағы агробизнес және экономика”колледжінің өкілдері арнайы келіп, 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқушыларға “Қазтұтынудағы агробизнес және экономика” колледжінің тарихы, оқу орнының материалдық-техникалық базасы, заманауи оқу кабинеттері мен зертханалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар колледжде дайындалатын мамандықтар, олардың еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.
