05
март
2024
Республикалық зерттеу жобалар сайысының жеңімпаздарын қарсы алу






2024 жылдың 26-1 наурыз аралығында Тараз қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары конкурсының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңі болып өтті.2.03.24 күні Республикалық зерттеу жобалар сайысының жеңімпаздарын сыныптастары, ғылыми жетекшілері, ата анасы зор қуанышпен қарсы алды.
4.03.24 ж. Республикалық зерттеу жобалар сайысының жеңімпаздарын №22 мектеп-лицейінің ұстаздары, сыныптастары, ғылыми жетекшілері
таңертең 7.45-те қошеметпен қарсы алды. Мектеп-лицейінің директоры Айгуль Нусуппековна оқушыларды құттықтап, болашақта биіктерден көріне беріңіздер деп тілегін білдірді.
«Тіл білімі» бағыты бойынша 11«Ә» сынып оқушысы Мұратова Инабат сертификат иеленді.
Ғылыми жетекшісі: Иманкалиева Ә. Б.
«Математика» бағыты бойынша 11 "Ә" сынып оқушысы Бақаш Анель жүлделі ІІІ орын иеленді.
Ғылыми жетекшілері: Мапиева Ш.Ж. Омарова А.Н.
