26
февраль
2022
Мектебімізде 26-ақпан күні "Үздік педагог-2022"конкурсы өтті.
Мектебімізде 26-ақпан күні "Үздік педагог-2022"конкурсы өтті. Бұл конкурсқа бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына да айналып үлгерген үздік ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз қатысып,бақ сынасты.Конкурс шарттары бойынша,қатысушыларымыз І бөлімде;алдын-ала эссе жазып,портфолио жұмыстарын қорғап,ІІ бөлімде; "Менің 45 минутым" тақырыбында сабағын қорғап,өз өнерлерін көрсетті.
Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.Ұстаздарымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.



Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.Ұстаздарымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.
