Адалдық сағаты Айбек Нұғымаровпен
«№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ
5-11 сыныптар арасында өткізілген «Адалдық сағаты»
Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің бастамасымен барлық жалпы орта білім беретін мекемелерде бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаттары» өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды дамыту.
Адалдық — адам бойындағы басты қасиеттердің бірі, адамгершіліктің маңызды талаптарының бірін көрсететін моральдық сапа. Оған шыншылдық, ар-ождан, адалдық, қабылданған міндеттемелерге адалдық, мәселенің дұрыстығына субъективті сену, адамның басқарылатын себептеріне байланысты, өзгелер мен өзіне деген шынайылық.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
2021 жылы қыркүйек айында «Адалдық сағаты» акциясы 2 дүркін Қазақстан барысы, 3 дүркін Әлем барысы, 4 дүркін Әлем және Азия чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаровтың қатысуымен өтті.
Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/VzXqI46SaKI



