7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә”
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебіміздің 7 “А” және 7 “Ә” сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Қ., О. Жилкибаева , А. Жумаханова Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқу ордасына арнайы кездесуге барып қайтты. Кездесу барысында мектеп-лицей ұстаздары мен оқушылары саптық дайындық жұмыстарын көрсетіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, оқушыларымызға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, музейлерін тамашалау мүмкіндігі берілді.