Ақпарат » Страница 15 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы.
14
апрель
2026
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы. 13 жас бойынша: Берікқанов Ердос-калассика 1 орын, рапид 1 орын, блиц 1 орын. 11 жас бойынша: Қапанова Іңкәр-рапид 2 орын, блиц 3 орын. 11 жас бойынша: Сәкен Нұрсұлтан-калссика 3 орын, рапид 3 орын алып Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару»  пікірсайыс алаңы
14
апрель
2026
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» пікірсайыс алаңы
Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады.
8 «А» сыныбында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
13
апрель
2026
8 «А» сыныбында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан
13.04.2026ж. 8 «А» сыныбында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңырдан басталған сапар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға ғарыш туралы мағлұмат беру; Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерін таныту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. 10 минуттық қауіпсіздік сабағында оқушыларға «Күмәнді келісімдерден қорғаудың қарапайым қағидалары» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, түсініктеме берілді. Сабақ мақсаты: оқушыларды қарапайым және практикалық қағидалардың
«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
13
апрель
2026
«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
13.04.2026 ж. мектебімізде «Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында жас ұстаздардың шығармашылығы, тың идеялары мен жаңашыл бастамалары көрініс тапты. Апталықтың басты мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және кәсіби дамуына серпін беру. Алдағы күндері жас мамандарымыз ашық сабақтар, креативті іс-шаралар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. 📚✨ Жас мамандарға сәттілік тілейміз! #ЖасМаман #Апталық #Білім
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы
13
апрель
2026
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы
📚✨ "10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" ✨📚 Қазіргі заманда уақытты тиімді пайдалану өте маңызды ⏳ Сол себепті біздің мектепте "10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы жүзеге асуда 😊 Кітап оқу – тек білім алу ғана емес, ол ойлау қабілетін дамытады 🧠 Әр 10 минут бізге: 📖 жаңа ақпарат алуға 💡 ой-өрісті кеңейтуге 🗣 сөйлеу мәдениетін жақсартуға көмектеседі Кітап – сенің ең сенімді досың 🤝 Телефонды бір сәтке қоя тұрып 📵, кітап әлеміне саяхат жасайық 🌍✨ Бәріміз бірге оқиық! 📚💙 Жауапты: 6-сыныптар
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз"  жобасы
13
апрель
2026
"10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" жобасы
📚✨ "10 минуттық үзілісте кітап оқимыз" ✨📚 Біздің сыныпта керемет дәстүр бар! 😊 Әр үзілісте біз 10 минут кітап оқимыз 📖 Кітап – біздің досымыз 🤝 Ол бізге көп қызықты ертегілер мен әңгімелер сыйлайды 🧚‍♀️🐻 10 минутта біз: 🌟 жаңа сөздер үйренеміз 🌟 ақылды боламыз 🌟 қиялымызды дамытамыз Кітап оқу – өте қызық! 😍 Кел, бірге оқиық! 📚💙 Жауапты: 1-сыныптар