04
май
2026
Ел намысын абыроймен қорғап, білім мен батылдықтың жарқын үлгісін көрсеткен дарынды оқушыларымызды салтанатты түрде қарсы алу

Бүгін мектебіміз үшін ерекше де қуанышты күн! 🎉
Ел намысын абыроймен қорғап, білім мен батылдықтың жарқын үлгісін көрсеткен дарынды оқушыларымызды салтанатты түрде қарсы алуға жиналдық.
Халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жеткен, «Арлан» әскери-патриоттық клубының мүшесі, Қазақстан құрамасы сапында «Ватан парварлар» әскери-спорттық жарысында жүлделі II орын иегері — Әлмұратов Әділді
Жетекшісі: Жұмашев Әсет Асқарұлы мен бірге қошеметпен қарсы алдық!
Сондай-ақ, Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында Абай облысының намысын қорғап, II орын иеленген Мерсалихова Арунаны да зор қошеметпен Жетекшісі: Ноғаева Бағжан Мақашқызымен
бірге зор қошеметпен қарсыладық!
Бұл жетістіктер — оқушыларымыздың табандылығы мен ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің, сондай-ақ мектеп басшылығының қолдауының нәтижесі.
Осындай білімді, жігерлі, елжанды жастарымыз — еліміздің жарқын болашағы! 🇰🇿
Біз сіздермен мақтанамыз!
#МектепМақтанышы #ЖасҰрпақ #Жеңіс #Білім #Қазақстан
