27
март
2026
11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ ҰБТ-ҒА КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ УАҚЫТЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ
Көктемгі демалыс – тек тынығу емес, болашаққа жасалған маңызды қадам! 🌱✨
Біздің мектептің 11-сынып оқушылары каникул уақытын тиімді пайдаланып, қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға жүйелі дайындық жүргізуде.
Дайындық барысында:
✔️ Негізгі пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізілуде
✔️ Тестілеу форматындағы тапсырмалар орындалуда
✔️ Жеке және топтық кеңестер ұйымдастырылуда
✔️ Әлсіз тақырыптармен жұмыс күшейтілуде
Ұстаздар тарапынан әр оқушыға қолдау көрсетіліп, білім деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Мақсат – жоғары нәтиже, сенімді қадам және жарқын болашақ!
Барша түлектерге сәттілік тілейміз!
