Мектеп-лицейімізде “Қазақ тілі мен әдебиеті, музыка:интеллеки пен инновация жолында” атты қазақ тілі,музыка бірлестігінің онкүндігін қорытындылауға арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
07
ноябрь
2025

Мектеп-лицейімізде “Қазақ тілі мен әдебиеті, музыка:интеллеки пен инновация жолында” атты қазақ тілі,музыка бірлестігінің онкүндігін қорытындылауға арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.


“Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы мен атаулы күндерді негізге ала отырып өткізілген іс-шаралар қорытындыланды.Онкүндіктің негізгі мақсаты – оқушылардың тілге, әдебиетке, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған тілі мен елінің өнерін құрметтеуге тәрбиелеу болды.Онкүндік барысында түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастырылды.Онкүндік соңында жүлделі орын алған оқушылар марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл іс-шаралар оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен рухани байлықты қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Қорытындылай келе, қазақ тілі мен әдебиеті, музыка бірлестігінің онкүндігі мазмұнды, әсерлі, тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде оқушылар мен ұстаздардың жадында ұзақ сақталары анық.
Қазақ тілі мен әдебиеті,музыка бірлестігінің жетекшісі:Ногаева Б.М