04
декабрь
2023
«Ұлттық құндылықтар - ел бірлігінің негізі» тақырымында тарих және география пәндер бірлестігінің онкүндігі ашық деп жариялаймын!
Мақсаты:Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Заман өзгерсе де ұлттық құндылығымыз салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске алып ұлттық мұраны қайта жаңғырту.Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы мақал- мәтелі, тыйым сөздер тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет-ғұрыппын дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп бүгінімізбен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады. Себебі ұлттық құндылық-ел бірлігі. Ендеше «Ұлттық құндылықтар - ел бірлігінің негізі» атты апталығымыздың аясында көптеген іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар өткізіледі. Баршаңызды белсенділік танытуға қатысуға шақырамыз!!!
