“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасына 300 жыл » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
11
октябрь
2023

“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасына 300 жыл





“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасына 300 жыл


Бүгін Семей қаласындағы облыстық кітапханасында “Ақтабан шұбрынды, алқакөл сұлама” қанды оқиғасына 300 жыл толуына орай №22 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ақжол Қадылбекұлы сыныбын кітапханаға алып барып кітапхананың тыныс-тіршілігімен һәм тархи оқиғаларды жадына сіңірту мақсатында танымдық білімдерін жетілдіріп қайтты.
Қазақ  халқының  Жоңғар  шапқыншылығы 1723 жылы көктем айында жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілершағында тыныш жатқан елімізге тап бермеде жоңғар қолы жеті бағытта соғыс стратегиясымен  басып кіріп ауыр шығынға һәм халқымыздың тең жартысынан жуығын жер бетінен жойған еді.
Ауыр нәубеттің салдарынан халқымыздың басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңін бейнелейтін деректі филымді кітархана қызметкерлері дайындапты назар салып көрдік.
Осы жаугершілік басталардың алдында қазақ даласында ұзақ уақытқа созылған алапат жұттың экологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік салдары өте ауыр болды: үш жүздің саяси-әлеуметтік байланысы әлсіреді, халықтың әл-ауқаты төмендеп, өндіріс қатынастары құлдырады. Ішкі алауыздық, билікке деген талас-тартыс қауіпті жаудың бар екендігін ұмыттырды. 
Раушан Жұртбайқызы бір сөзінде:”Жоңғар қалмақтарының шапқыншылық жасап, қазақ халқын ақтабан шұбырындыға ұшыратуының бір себебін жеті жылға ұласқан жұттан азып-тозып ашыққан елдің ауыр жайымен байланысын” атап өтті.
Ал, қазақ халқының басынан “Ақтабан шұбрынды, алқакөл сұлама” оқиғасы үш мәрте өткен.
Алғашқысы 1723 жылы Жоңғар мемелекетінің тарапынан болса. 1921-1922 жылдардағы және 1931-1933 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылық халықтың тоз-тозы шыққан нәубетті Орыс отаршылдарының яғни Кеңестік кесір жүйенің кесірінен 6 миллионнан астам халықтан небәрі 1,5 миллионға жуығы әзер қалған еді.
Бүгінгі ұрпақ өткен тарихынан хабардар болуы керек.
Түп тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр!


Ақжол Қадылбекұлы