19
апрель
2022
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ, ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІ
«Мектеп- білім тәрбиенің ошағы» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. «Мұғалім- мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтпақшы, білімді ұстаз болмаса, дарынды шәкірт те болмас еді. «Мектеп» атты қасиетті шаңырақтағы әр баланың білімі мен тәрбиесіне үлес қосып жүрген білікті ұстаздардың еңбегі шексіз.
Жаратылыстану пәні бірлестігі оқытудың жаңашыл технологияларын пайдалану арқылы білімді, білікті, дарынды шығармашыл тұлға қалыптастыру деген өзекті тақырыпта жұмыс жасап келеді.
