Райханова Динара Серікболқызы

Райханова Динара Серікболқызы - география пәні мұғалімі, заманауи білім беруде жаңашыл технологияларды игеруге ден қойған жас ұстаз. Жүйелі жүргізген жұмыстары оңды өзгерістермен ерекшеленеді. Шәкірттері география пәнінен қалалық, облыстық, республикалық олимпиада жүлдегерлері.«Зерде» ғылыми жоба қалалық кезеңінде 5-сынып оқушылары Сергазиева Жаннұр және Тастанбек Гаухар 3-орын алды. "Зияткер жастар орталығы" Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырған «Үздік ғылыми жоба» аталымы бойынша І дәрежелі дипломды Аманғазина Ажар иеленді. Республикалық Әлихан Бөкейханов атындағы олимпиадада география пәнінен қалалық, облыстық, республикалық кезеңінде 11- сынып оқушылары Айткалиева Меруерт, Қайратқызы Қымбат, Рахметоллаева Еңлік, Мұратбекова НазлыІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мектепішілік "Үздік Педагог-2022" сайысынан "Бас жүлде", "Үздік Педагог-2022" Республикалық байқауына қатысып, "Үздік" деп танылды. Алғыс хат "Зияткер жастар орталығының" Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырған Республикалық "Үздік ғылыми жоба" байқауына шәкірт дайындағаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Алматы қаласында өткен Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық баспасөз басылымында «Үздік сабақ-2021»аталымын жеңіп алды.
