Отарова Динара Айтказыевна

Отарова Динара Айтказыевна - география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, жоғары талапқойғыштық қасиетімен көзге түсіп, нәтижелі жұмыс атқарып жүрген педагог. Оқушылары қалалық олимпиада 2,3-орын иегерлері. Республикалық Әлихан Бөкейханов атындағы олимпиадада география пәнінен қалалық, облыстық, республикалық кезеңінде 7 –сынып оқушысы Дүйсенбол Гүлім 1 дәрежелі диплом иеленді. Оқушылары Дүйсенбол Гүлім, Құрманова Мейірім -Халықаралық М.В.Ломоносов атындағы XXIII турнирдің география пәнінен ІІІ дәрежелі лауреаттары. М.В.Ломоносов атындағы ХІІІ турнирдің география пәнінен ІІІ дәрежелі лауреаттарын дайындағаны үшін Отарова Динара алғыс хатпен марапатталды. «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» «География сабағында геоақпарат технологияларын пайдалану» атты шебер сабақ көрсетіп, облыстық кезеңінен де, Республикалық байқауынан да 1-орынды иеленді.
