Серикбаева Бибинур Абдикаримовна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
29
апрель
2023

Серикбаева Бибинур Абдикаримовна

Серикбаева Бибинур Абдикаримовна физика мұғалімі, педагог-зерттеуші. Мұғалімдік қызметін атқара жүріп бірнеше қалалық, облыстық олимпиада жүлдегерін дайындады. ҰБТ-да оқушылары жоғарғы ұпай жинап, «Алтын белгілерін» қорғап,  жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алды.

Б.А.Серикбаева оқушылары жылда ғылыми жоба қорғауға қатысады. 

 Ғылыми жоба сайысының облыстық жүлдегері Қайратов Тілек мақтау қағазымен және бағалы сыйлықпен марапатталса, Республикалық ғылыми жоба жүлделері Мұратова Инабат пен Қайырбек Мадина Алматының «Балдәурен»  лагеріне жолдама алды. 

  Адамның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған «Cosmostars» Республикалық жас зерттеушілер байқауына Мұратова Инабат, Қайрбек Мадина қатысып, дипломмен марапатталды. 

2016 жылы Республикалық «Оқулық» атты орталықта электронды оқулықтарға эксперт болды.

 «Жылу құбылыстарының эксперименттік жүйесі» атты әдістемелік құрал мен «Физика пәні» бойынша элективті курс бағдарламасының авторы. 

Похожие публикации:

15 октябрь 2024 Зерде
05 июнь 2024 Ғылыми жоба