Тусупханова Айнаш Кенесбековна

Тусупханова Айнаш Кенесбековна – информатика пәні мұғалімі, магистр, педагог зерттеуші. Мектептің Instagram, Facebook парақшаларын жүргізеді.
Тәжібелі ұстаз "Заманауи нарық үшін бағдарламалақ өнімдерді әзірлеу" атты Халықаралық ғылыми-практикалақ конференциясына қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Ubtest.kz. сайты ұйымдастырған информатика пәні бойынша ұстаздар арасында өткізілген олимпиадасына қатысып, 1-орын иеленді. 9-сынып оқушысы Ихтисат Шыңғыс «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қалалық кезеңінде жұмысын қорғап, 2–орынды иеленді.
Информатика пәнінен М.В.Ломоносов атындағы халықаралық ХХІІІ турниріне 8-оқушылары Манарбекова Айдана, Айтказин Сұнқар қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қалалық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Кидирмина Айым 3-орынды жеңіп алды.
