Омарова Анар Николаевна

Омарова Анар Николаевна - информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, магистр. ҚР ұлттық тестілеу орталығының информатика пәні бойынша комиссия мүшесі, сарапшы және пән бойынша ҰБТ сұрақтарын құрастырушы. 2022 жылы Республикалық ҰБ тестілеу орталығының грамотасымен марапатталды. Ұстаз лицензияланған 6-11-сыныптарға арналған «Python тілінде программалау» атты электронды қосымша оқу құралынның авторы. А.Н.Омарованың оқушылары облыс, Республика және Халықаралық пәндік олимпиада жүлдегерлері. Олар: Кенжебаев Арман (облыстық, 2-орын), Советханов Азамат (облыстық, 3-орын), Елубаева Мадина, Әлібекова Балжан (республикалық, 2-орын), Әділжаппар Біржан, Төлеуғали Әліби (қалалық, 2-орын, облыстық, 1-орын), Бақаш Анель. Иксанов Ескендір, Мұсаұлы Ясин "Табиғатты аяла"республикалық форумына қатысып, «3D модельдеу» конкурсының қалалық кезеңінен 1-орын, облыстық кезеңінен 3-орынды иеленді. Информатика пәні Халықаралық М.В.Ломоносов атындағы ХХІІІ турнирге 5 оқушы қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленді.
Тәжірибелі ұстаз Халықаралық, Республикалық конференцияларға үнемі қатысып отырады. Мысалы, «XXI ғасырдағы ғылым және білім: Еуразия кеңістігінде даму динамикасы» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Мультимедиялық білім беру қосымшасын әзірлеу әдістемесі» атты мақаласы жарияланды. Жыл сайын Республикалық «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналына да мақалалары жариялынып отырады.
