Абеуханова Айжан Амангельдиновна

Абеуханова Айжан Амангельдиновна – математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. Ұстаздың республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, мақалалары журналдармен жинақтарға енгізілді. «Ыбырай Алтынсарин - қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартуда үш тілді тұлғаны қалыптастыру» атты баяндама оқылып, жинаққа енді.
«Математика 6-7 сынып тест тапсырмалары», «Математикалық терминдер сөздігі» әдістемелік құралдардың авторы.
А.А.Абеуханованың оқушылары «Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, жүлделі орындар алды. Республикалық ғылыми жобалар сайысы мен «Зерде» ғылыми жобалар сайыстарында үнемі қалалық кезеңдерінде жүлделі ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінде Ержимбаева Айгерим мен Серікбекұлы Нұржан ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
