Профориентациялық көмек » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
10, 11-сынып оқушылары үшін әртүрлі Россиялық жоғары оқу орындарының өкілдері келіп, өз оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат берді.
07
April
2026
10, 11-сынып оқушылары үшін әртүрлі Россиялық жоғары оқу орындарының
07.04.2026 күні Семей қаласының орталық кітапханасында 10, 11-сынып оқушылары үшін маңызды әрі қызықты кездесу өтті. Әртүрлі Россиялық жоғары оқу орындарының өкілдері келіп, өз оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат берді. Олар мамандықтар, оқу шарттары, грант мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт алды. Әсіресе, әр университеттің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы білу оқушыларға үлкен
11-сынып оқушылары Семей медицина университетіне «Ашық есік күніне» барды
04
April
2026
11-сынып оқушылары Семей медицина университетіне «Ашық есік күніне»
04.04.2026 күні 11-сынып оқушылары Семей медицина университетіне «Ашық есік күніне» барды. Болашақ мамандықтарын таңдауға қадам жасап жатқан жастар үшін мұндай мүмкіндіктер өте маңызды. Оқушылар академияның тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, оқу процесін өз көздерімен көрді, заманауи зертханаларды аралап, студенттік өмірдің қандай болатынын сезінді. Әсіресе медицина саласына қызығушылығы бар балалар үшін бұл күн ерекше әсер қалдырды. Осындай іс-шаралар оқушылардың арманын нақты мақсатқа
Skill Education Poland өкілдері келіп, оқушыларға шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпаратпен бөлісті
03
April
2026
Skill Education Poland өкілдері келіп, оқушыларға шетелде білім алу
Үлкен армандар — үлкен мүмкіндіктерден басталады✨ 03.04.2026 күні мектебімізге Skill Education Poland өкілдері келіп, оқушыларға шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпаратпен бөлісті 🌍 Оқушылар Poland🇵🇱 және Malaysia🇲🇾 елдеріндегі колледждер мен университеттерге түсу жолдары, гранттар мен талаптар жайлы білді.
«Электротехникалық колледж» өкілдері келіп, 9-сынып оқушыларына өз мамандықтарын жан-жақты таныстырды.
02
April
2026
«Электротехникалық колледж» өкілдері келіп, 9-сынып оқушыларына өз
📚 2- сәуір күні мектебімізге «Электротехникалық колледж» өкілдері келіп, 9-сынып оқушыларына өз мамандықтарын жан-жақты таныстырды. ⚡ Кездесу барысында оқушылар колледждің білім беру мүмкіндіктерімен танысып, заманауи мамандықтар туралы маңызды әрі пайдалы ақпарат алды. 🎓 Сонымен қатар, болашақ кәсіби бағытты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. ✨ Мұндай кездесулер жас түлектердің болашаққа нық қадам жасауына үлкен септігін тигізеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында Шәкәрім университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Айман Омарқанқызы Токсамбаева “Ар білімі” тақырыбында дәріс оқылды
01
April
2026
Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында
Рухани мұра – ұлттың қазынасы! 1- сәуір күні мектебімізде маңызды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында Шәкәрім университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Айман Омарқанқызы Токсамбаева “Ар білімі” тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға адамгершілік, ар-ұят, рухани тазалық ұғымдары терең түсіндіріліп, ұлттық құндылықтардың маңызы айқын көрсетілді. Әсіресе 10-сынып оқушылары белсенділік танытып, өздерін
04.02.2026
04
февраль
2026
04.02.2026
2026 жылғы 02 ақпан күні мектеп-лицейімізде 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға “Геодезия, картография және құрылыс” колледжінің білікті оқытушылары арнайы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж оқытушылары геодезия, картография және құрылыс мамандықтарының ерекшеліктері, бұл салалардың қазіргі қоғамдағы маңызы, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы даму мүмкіндіктері жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар,
27.01.26ж. Мектебімізге “Қазтұтынудағы агробизнес және экономика”колледжінің өкілдері арнайы келіп, 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.
27
January
2026
27.01.26ж. Мектебімізге “Қазтұтынудағы агробизнес және
Іс-шараға колледждің тәжірибелі оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу барысында колледж өкілдері оқушыларға “Қазтұтынудағы агробизнес және экономика” колледжінің тарихы, оқу орнының материалдық-техникалық базасы, заманауи оқу кабинеттері мен зертханалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар колледжде дайындалатын мамандықтар, олардың еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.
‎2026 жылғы 22 қаңтар күні мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушыларына “ Жоғары гуманитарлық заң және техникалық колледжінің” өкілдері арнайы келіп, оқушылармен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
22
January
2026
‎2026 жылғы 22 қаңтар күні мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы
‎    Колледж өкілдері оқу орнының материалдық-техникалық базасы, білім беру бағыттары мен мамандықтары, оқу мерзімі, қабылдау талаптары, грант және ақылы бөлім мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар заң, техникалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтардың ерекшеліктері, олардың болашақтағы маңыздылығы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.
2026 жылғы 21 қаңтарда 11-сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасы арқылы «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
21
January
2026
2026 жылғы 21 қаңтарда 11-сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасы
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат ұсыну және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру болды.  Онлайн кездесуге Абай облысы білім басқармасының өкілдері және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) профессор-оқытушылар құрамы мен жауапты мамандары қатысты.
2026 жылдың 20 қаңтарында мектебімізде 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды
20
January
2026
2026 жылдың 20 қаңтарында мектебімізде 9-сынып оқушыларына арналған
Аталған іс-шараға “Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық жоғары колледжінің” өкілдері арнайы келіп қатысты. Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықтар туралы толық ақпарат ұсыну болды.