04.02.2026 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
04
февраль
2026

04.02.2026

2026 жылғы 02 ақпан күні мектеп-лицейімізде 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға “Геодезия, картография және құрылыс” колледжінің білікті оқытушылары арнайы келіп, оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында колледж оқытушылары геодезия, картография және құрылыс мамандықтарының ерекшеліктері, бұл салалардың қазіргі қоғамдағы маңызы, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы даму мүмкіндіктері жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар, колледжде білім алу шарттары, оқу мерзімі, тәжірибелік сабақтардың ұйымдастырылуы, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу мүмкіндіктері және түлектердің жұмысқа орналасу жолдары туралы мәліметтер берілді.