02
April
2026
Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді
Бүгін мектебімізде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді 🔥🚒Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде оқушылар мен мұғалімдердің дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында эвакуациялау жолдары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері пысықталды.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындады. Осындай шаралар – қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Қауіпсіздік – бәрінен маңызды!
