Тренинг тақырыбы: «Өзіңе сенімділік – жетістің кілті» » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
27
февраль
2025

Тренинг тақырыбы: «Өзіңе сенімділік – жетістің кілті»






Мақсаты: Стресс пен мазасыздықты азайту. Өз қабілеттеріне дегенсенімділікті дамыту. Өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқарудағдыларын қалыптастыру. Позитивті ойлау мен мотивацияны қолдау.

Өткізілген уақыты: 27.02.2025ж

Қатысушылар: 15 жастағы оқушылары
2025 жылдың   ақпанқараша айының 27-і күні  «Өзіңе сенімділік – жетістің кілті» тақырыбында 15 жастағы оқушыларына психологиялық тренинг өткізілді.  Тренинг барысында қатысушылар "Фото-көрме" жаттығуын орындады. Сонымен қатар қағаздан өз қолдарымен қиылған адам бейнесіне өз мақсаттарын, жетістіктерін, өз бойындағы ұнайтын-ұнаMayтын қасиеттерін жазды. Feedback кезінде өзі туралы жазу оңай болғанын, мақсатқа жету үшін көп еңбектеніп, күш-жігер жұмсау керектігі туралы  айтты.  Келесі кезекте «PISA қалай жұмыс істейді?» бейнеролик көрсетілді, оқушыларға жасыл және қызыл стикер таратылып, бейнероликтен алған әсерлерін жазды. Сонымен қатар Стенфорд университетінің психолог профессоры Кэрол Дуэктің сауалнамасы берілді, балалар жалпы ұпайларын санап, қорытындылсын алып, риза болды. Мақсатымызға сүйене отырып, мотивациялық жаттығу орындатылды. Яғни балалар топқа бөлініп, «Табыс» сөзін қалай елестететінін суреттеді. Балалар өз ойларын айтып,  жаттығуды  қызығушылықпен орындады. Қорытынды бөлімде оқушылар «Бәрі сенің қолыңда» бейнеролигін көріп, елісетіндіктерін айтып аяқтадық.