Нуркина Гульнара Темирболатовна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30
April
2015

Нуркина Гульнара Темирболатовна

Гульнара Темирболатовна - мектебімізде 2002-2015 оқу жылдарында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде еңбек еткен, жоғары санатты тәжірибелі ұстаз. Мектебімізде оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында үнемі ізденіс жолында жүретін белсенді ұстаз болды.     Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде үлкен еңбек атқарды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік коференцияларға қатысып, баяндамалар жасап, мақалалары бірнеше жинақтарда жарық көрді. Қала, облыс көлемінде өткізілген семинарда мектеп ұстаздарына шеберлік сағаттарын өткізіп, іс-тәжірибесін таратқан тәжірибелі ұстаз.

Оқушылармен тыңғылықты жұмыс жүргізіп, олимпиадаға, ғылыми жобаларға қатыстырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, оқушылары Биниязова А., Абильмажинова Ж., Мукажанова А. облыстық, қалалық олимпиада, ғылыми жобаларға қатысып жүлделі І және ІІ орындарды иеленді. Мектеп өміріндегі тәрбие жұмыстарына да белсене араласты. Оқушылармен сынып жетекші ретінде сапалы жұмыстар жүргізіп, әр баланы бауырына тартып, мейірімін төгіп тәрбиеледі. Сыныпта өткізетін тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізетін. Сынып ата-аналармен өткізген жиналыстарды да жүйелі жүргізілетін. Сынып жетекшілік жасаған  2012 жылғы мектеп түлектері Абильмажинова Жібек, Макашев Адилет, Абдыхамидова Айым, Задағалиева Ажар «Алтын белгі» иегерлері болса, ал Айдаболова Аяулым, Ерназар Мөлдір Best» аттестат иегері болды. 

Нуркина Гульнара Темирболатовна – мектебімізде тәжірибелі, білікті ұстаз, қадірлі әріптес бола білді.  Мектепте кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде қоғамдық жұмыстарды жүйелі, сапалы   атқарып ұжымға көптеген үлесін қосқан белсенді ұстаз. Мектеп ұжымының ортасында өз жұмысын абыроймен атқарды. Қазіргі уақытта, Астана қаласында ұстаздық қызметін жалғастырып жүрген білікті мұғалім. Ұлағатты ұстаз ғана емес, қос перзент тәрбиелеп отырған – аяулы ана, сүйікті әже.