Байтемирова Гульжан Тойлыбаевна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
28
April
2023

Байтемирова Гульжан Тойлыбаевна

Байтемирова Гульжан Тойлыбаевна - педагог-зерттеуші, бірлестік жетекшісі. Пән мұғалімі, сынып жетекшісі ретінде оқушы жүрегінен орын ала білген   тәжірибелі ұстаз.  Халықаралық, ресубликалық, облыстық деңгейде іс-тәжірибесімен бөлісіп, семинар, конференцияларға қатысып отырады. Өскемен қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» орталығында «Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І халықаралық форумына және  Алматы қаласында өткен «Математика пәні мұғалімдерінің І республикалық семинарына» қатысып, іс-тәжірибе таратқаны үшін   Алғыс хатпен марапатталды. Астана қаласында өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты республикалық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беруде елеулі еңбектері зор.  Білім беріп отырған  оқушылары да республикалық, облыстық олимпиадалардың, ғылыми конференциялардың жеңімпаздары. Пән бойынша олимпиадаларда оқушылар: Тұрысбеков Мейрам, Бекенова Жарқынай, Советханов Азамат, Әділжаппар Бекжан, Елубаева Мадина, ал ғылым негіздері бойынша ғылыми жобалар сайысында облыс деңгейінде Қуанышева Әйгерім, Серікбосынова Еркежан, Саджанова Айымжүлделі орындарға ие болды.