Құрмет тақтасы- ардагер ұстаздарымыз - Средняя общеобразовательная школа № 22 https://22-semey.edu.kz/ ru Құрмет тақтасы- ардагер ұстаздарымыз - Средняя общеобразовательная школа № 22 DataLife Engine Алимжанова Сания Мухамадиева https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1175-alimzhanova-sanija-muhamadieva.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1175-alimzhanova-sanija-muhamadieva.html

Сания Мухамадиева 1960 жылы туған. Еңбек өтілі 40 жыл. 

1967 жылы  Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің 1-сынып табалдырығын аттап, 1977 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі болды. 

1980 жылы Өскемен қаласындағы СССР-дың 50 жылдығы атындағы педагогикалық училищесін, 1996 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы» факультетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы ұстаздық қызметін 1980 жылы Зайсан қаласындағы М.В.Ломоносов атындағы орта мектептен бастап, 2018 жылға дейін еңбек етті. Осы жылдардағы елеулі табыстары айтарлықтай, облыстық, аудандық әкімнің, білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымдарының диплом, громата, Алғыс хаттарын алды.

2016 жылы Өскемен қаласында өткен V Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, авторлық еңбегі облыстық ғылыми-зерттеу әдіскерлік кітабына жарыққа шықты.  Сондай-ақ, іс-тәжірибесі, еңбектері Республикалық «Қазақстан мұғалімі», «Бастауыш мектеп» журналдарында жарияланды.

2017 жылы Республикалық «Педагогикалық оқуға»  қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Алаш ұстазы» төсбелгілеріне ие болды.

2018 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2018 жылы Семей қаласына қоныс аударып, №22 ЖОББ мектеп-лицейінде ұстаздық еңбегін жалғастырды. Өзінің тынымсыз еңбегімен, ізденісімен, озық ұстаздық тәжірибесімен биіктен көріне білді. Оқушылары Халықаралық, Республикалық олимпиада жеңімпаздары, облыстық, қалалық түрлі байқау, жарыстардың жүлдегерлері.

]]>

admin Sat, 25 May 2024 09:19:34 +0600
Нарбутина Руайда Сеильжановна https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1174-narbutina-ruajda-seilzhanovna.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1174-narbutina-ruajda-seilzhanovna.html

Нарбутина Руайда Сеильжановна (08.01.1959- 14.01.2018) – учитель русского языка и литературы. Образование-высшее,  АрПИ им.Ы.Алтынсарина, 1983 г.

         Нарбутина Руайда Сеильжановна, педагогическую деятельность начала с 1976 года в Кийминском районе, с.Алгабас. До поступленияв институт проработала старшей пионервожатой и учителем, уже в то время проявила себя как ответственный и добросовестный учитель и была награждена грамотой РайОНО.

         После окончания педагогического института работала в Атбасарском районе заместителем директора школы по воспитательной работе, активно участвовала в общественной жизни школы и совхоза.

    1985 по 2010 годы жила и работала в городе Семей. За это время имеет очень много достижений, награждалась неоднократно похвальными грамотами, благодарственными письмами за отличную подготовку учащихся по своему предмету в разных конкурсах, олимпиадах, научных проектов. Была награждена грамотами городского и областного уровней, грамотой  Акима г.Семей,  включена в республиканскую энциклопедию «Одаренные дети – наше будущее». Как классный руководитель имеет два выпуска: 1997 года, 2004 года, где её выпускники на высоком уровне сдали ЕНТ первого года. Выпуск 1997 года – первый выпуск средней школы №22.

   Руайда Сеильжановна была одной из перспективных учителей русского языка и литературы города.

   Несколько лет подряд была председателем первичной профсоюзной организации школы. Руайду Сейльжановну мы помним как доброго, отзывчивого, честного и трудолюбивого человека. Она всегда готова была выслушать и поддержать своих коллег . У нее всегда находились ответы на любые вопросы. Особо хочется подчеркнуть ее ответственность. И, когда речь шла о самых ответственных заданиях, всегда первым мы вспоминали именно о ней. Она именно тот человек, у которого сложились теплые отношения со всеми в коллективе. 

У каждого из нас в жизни был свой Учитель, на которого хотелось быть похожим, быть таким же умным, отзывчивым и обязательно требовательным. Ведь настоящий Учитель не тот, кто только передаёт знания, а тот, кто формирует личность своего ученика. Именно его образ мы проносим через всю жизнь, как образ самого главного Учителя в жизни. Именно таким  учителем для своих учеников являлась Нарбутина Руайда Сеильжановна. 

Многие, кто в свое время знал и общался с нашей незабываемой нашей Руайдой Сеильжановной , вспоминают о ней  - Человек и Учитель с большой буквы. 

Переехав в 2010 г. в столицу, работала в школе-гимназии №65 г. Астаны. 

В совершенстве  владела содержанием и методикой преподавания предмета. Отличительной чертой ее уроков являлась научная обоснованность и проблемность, умелая организация с внедрением новых технологий критического мышления, которые побуждают учащихся к самостоятельной, проектно-исследовательской работе, повышают познавательный интерес, мотивацию к учению и обеспечивают возможность аналитически мыслить.

 Руайда Сеильжановна много лет работала классным руководителем. Как классный руководитель уделяла большое внимание воспитанию основных компетенций, нравственно-духовных ценностей воспитанников, организации учебного труда и досуга, воспитанию коллективизма. Имела тесный контакт с родителями, которые принимали активное участие в жизни класса. С 2010 года по 2017 годы была классным руководителем, выпустила 29 учащихся, 2 – «Алтын белгі», 5 – «Үздік аттестат», многие из которых  поступили на грант в ВУЗы республики..

Руайда Сеильжановна была высококвалифицированным, требовательным, не останавливающимся на достигнутом, идущим в ногу со временем учителем. Пользовалась  авторитетом у учащихся, коллег, родителей и общественности. Два года являлась председателем первичной профсоюзной организации школы.

admin Mon, 06 May 2024 09:10:46 +0600
Сүлейменова Мара Хасенгазыевна https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1173-slejmenova-mara-hasengazyevna.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1173-slejmenova-mara-hasengazyevna.html

1952 жылы 1 тамызда дүниеге келген.  “Абай” атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Қыздар педагогика институтына оқуға түсті. 

1973 жылы физика-математика факультетін бітіріп, диплом алды. 

Өз мамандығы бойынша еңбек жолын Үржар ауданындағы В.Чапаев атындағы мектепте бастады. 1988-2012 жылдар аралығында осы №22 мектепте қызмет атқарды. Осы жылдарда оқушыларды физика пәнін сүюге, оқуға, ғылымға, еңбекке тәрбиеледі. 

Оқушылары аудандық, қалалық олимпиадаларда жүлдеге ие болды. Қалалық, аудандық көлемде ашық сабақтар өткізіп, өзінің іс-тәжірибесін таратты. М.Х.Сүлейменованың еңбектері баспа беттерінде жарияланды. «Физика есептер жинағы», «Физика сабағын оқытудың тиімді жолдары» атты әдістемелік құралдар жазды. Халықаралық конференцияларға қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Физика  пәнін таңдаған мектеп оқушылары бүгінгі таңда еліміздің түрлі ғылыми-техникалық салаларда қызмет істеп жүр.

Тәжірибелі  ұстаз М.Х.Сүлейменова қалалық, облыстық, республикалық дипломдармен, мақтау қағаздармен марапатталды.

Аяулы ұстаз М.Х.Сүлейменова - жоғары санатты физика пәні мұғалімі қазіргі таңда зейнеткерлікке шығып, бала-шағасының ортасында демалыста.

admin Fri, 03 May 2024 09:08:29 +0600
Болғанбаева Гүлсара Бертөкенқызы https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1172-bolanbaeva-glsara-bertkenyzy.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1172-bolanbaeva-glsara-bertkenyzy.html

1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  қаладағы №22 мектепте  «Технология» пәнінің мұғалімі қызметін 2013 жылға дейін атқарып келді. Білімі жоғары, жоғары санатты ұстаз. 

Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтерген ізденімпаз ұстаз.

Ұлағатты ұстаз Г.Б.Болғанбаеваның«Былғарыны көркемдеп өңдеу және одан сәндік бұйымдар жасау» әдістемелік құралы 2005 жылы жарық көрді. Қалалық әдістемелік жобалар байқауынан І орынды иеленді.Үнемі шығармашылық ізденуде жүретін жан.  Өзі сабақ беретін шәкірттеріне қолөнер бұйымдарын, тігін бұйымдары, қазақтың ұлттық қол өнерін үйрету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ісмерлікке баулыды. «Көз -қорқақ, қол -батыр» демекші, оқушыларды іске үйретіп, оны күнделікті дағдыға айналдырып, әдемі бұйымдар жасауға бейімдеді.Кәсібилікті меңгере бастаған оқушылардың шығармашылық қиялдарын оятты.

Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, үздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
 Болғанбаева Гүлсара Бертөкеновна  - заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз.

Қаламызда қолөнердің қыр-сырын меңгерген шеберлер аз емес. Гүлсара Бертөкенқызы ұлттық оюлы құрақ көрпе кестелеумен, киізді өңдеу сияқты бұйымдар жасаумен айналысады.

Халық «Шебердің қолы ортақ» деп бекер айтпаса керек, себебі шебердің қолынан шыққан бұйымдары барша ұлт мақтанышы мен көзайымына айналатыны белгілі.

Ісмер болу үшін туа біткен дарын жеткіліксіз, шебер болу үшін  үлкен жауапкершілік, табандылық керек. Себебі бастаған істі аяқсыз қалдырмай, аяғына дейін жеткізу үшін төзімділік керек. 

Ісмер шебердің қол­өнер бұйымдары қайталанбас әсем оюлармен кестеленеді. Әрбір бұйымдағы ықшам да мәнді үйлесім, түстердің жоғары талғаммен таңдалуы, өрнек­тердің әсемдігі мен композициялық шешімі, қолдың дәлдігі мен қиялдың ұшқырлығын ұштас­тырып аса шеберлікпен жасалуы көрген көзді таңдандырмай қоймайды. 

Шәкірттері «Жас көзімен қарағандағы табиғат» атты сайысқа қатысып, «Моншақтан жасалған» бөлімі бойынша І орын алып, дипломмен марапатталды.

«Ғажайып және әдемі әшекейлер әлемі» атты қалалық сайыста «Ұлттық бағыт» номинациясы бойынша І орын алып, дипломмен марапатталды.

2009 жылы «Тинейджер-стиль-2009» сайысына оқушылар қатысып, ІІІ орын иеленді.

Шығыс Қазақстан «Өнер» мұражайы ұйымдастырған «Мен және менің отбасым» атты байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі сертификатпен марапатталды.

 Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін оқушыларға арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсады. 2013 жылы құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты.

admin Thu, 02 May 2024 09:07:17 +0600
Ашимова Перизат Сұлтановна https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1171-ashimova-perizat-sltanovna.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1171-ashimova-perizat-sltanovna.html

Перизат Сұлтановна – бастауыш сынып мұғалімі 1981жылы Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педучилищені аяқтап, Семей облысы Шұбартау ауданы Алғабас орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі  қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап Семей қаласының №22  жалпы орта білім беретін  мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. «Ұстаз» газетіне бірнеше ашық сабақтары, материалдары шықты. «Бастауыш сынып оқушыларының қозғалысқа берілген есептер шығару моделі», «Қозғалыс  графиктері», «Математика сабағында сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту» атты   әдістемелік көмекші құралдарының авторы. «ПЗМ ДББҰ  Педагогикалық шеберлік орталығының «Мұғалім  тәжірибесіндегі зерттеу» курсы бойынша мектеп тренері.

Перизат Султановна қызмет атқарған кезде   Республикалық «Қазақстан ұстазы», «Педстарт», «Нұрлы болашақ» олимпиадаларының   жеңімпазы атанды. «THE FOUPTH INTERNATIONAL SCIENTIFIK-PRAKTIKAL CONFERENCE», «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2019: CENTRAL ASIA» халықаралық конференциясына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. «Педагогикалық шеберлік» керуенінің облыстық педагогикалық сайысының жеңімпазы.

Бастауыш сынып мұғалімі Ф.Қ.Сабырбековамен бірлесіп жазған   «Логикалық ойлау – тұлға дамуының кепілі» атты авторлық бағдарламасы мен 1-4 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлері облыстың авторлық сайысында жүлделі орын алып, іс-тәжірибесі облыс көлеміне таратылды. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы бойынша жұмыстары «Білім бой тұмары» атты Республикалық журналында жарияланды. 

Еңбегі елеусіз емес. «Білім сапасына қосқан үлесі үшін»,   «Ыбырай Алтынсарин» медальдарының иегері. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы. Облыстық қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталған. 

2021-2022 оқу жылында Білім министрі А.Аймағамбетовтің Алғыс хатымен марапатталды.

admin Wed, 01 May 2024 09:05:16 +0600
Габбасова Ляззат Каратаевна https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1140-gabbasova-ljazzat-karataevna.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1140-gabbasova-ljazzat-karataevna.html

Өскемен педагогикалық инистиутын 1974-1979  жылдары  химия және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп,1979 жылы облыстық оқу бөлімінің бағдарламасымен Семей облысы, Абай ауданы Құндызды орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.

1985 жылы 27 жасында Семей қаласындағы Жаңа-Семей станциясындағы Алматы теміржолына қарасты   №7 мектеп интернатында тәрбиеші және биология пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.

1996 жылы мектеп-интернат жабылып, мектеп қалалық білім бөлімінің қарамағына беріліп, №22 жалпы орта білім беретін мектеп болып өзгертілгенде, жаңа ашылған мектептің биология пәні мұғалімі болып, қызметін зейнеткерлікке шыққанша және зейнеткерліктен кейін 5 жыл жалғастырды. 42  жылдық   ұстаздық қызметтің 36 жылын осы мектепте биология пәнінен сабақ беріп, үздіксіз қызмет етіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге жұмсады. Мектептің оқу -тәжірибе үлескісін ұйымдастыруға ұзақ жылдар   нәтижелі еңбек жасады. Шәкірттері биология пәнінен үнемі қалалық, облыстық, республикалық  ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ұлттық тестілеу орталығының  биология пәнінен тест тапсырмаларын әзірлеушісі және сараптамашысы, Республикалық аппеляция комиссиясының мүшесі ретінде қызмет атқарды. ШҚО білім басқармасының Құрмет Грамотасымен, Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Семей қалалық білім бөлімінің, қалалық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Облыстық «Экологиялық білім беру және тәрбиелеуде аймақтық компонентті қолдану» атты конференцияда баяндама жасап, оқушылары осы конференцияда ғылыми жұмыстарды қорғап, жүлделі орындарды иеленіп, тәжірибелік конференцияның кітабына енді.Оқушыларға сіңірген саналы еңбегі үшін Халықаралық Евразиялық  іскерлік   қауымдасығының «Алтын Адам» алтын алқасының иегері атанды.

admin Tue, 30 Apr 2024 15:24:13 +0600
Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1138-tlebaldina-nrgl-kazanbajyzy.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1138-tlebaldina-nrgl-kazanbajyzy.html

Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы 1978-1982 жылы Өскемен педгогикалық институтын, 1991 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы және 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша білім алған. 

Ұстаздық еңбек жолын 1982 жылы Көкпекті ауданының қазіргі Тассай ауылдық мектебінен бастаған.

1996 жылдан бастап №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

2007-2010 жылдары Алматы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ізденушісі болған.

2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесінде «Ж.Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту» тақырыбында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Жұмажанованың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғап шығып, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алған.

Шығармашылық тақырыбын жетілдіру мақсатындаТүркия мемлекетінің Стамбул университетінде, Мемлекеттік И.Арабаев атындағы Қырғыз лингвистика университетіндеболып, тәжірибесімен алмасқан.

Ұстаз біліктілігін арттыру мақсатында көптеген курстардан өткен. Атап айтқанда:

Түркия университеті оқытушылары ұйымдастырған «Қазіргі білім берудегі инновациялар және педагогикалық аспектілер»,«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, «Педогогтердің цифрлық құзіреттілікті дамыту», Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Педагогикалық неориториканың филологиялық аспектілері», Түркия. Памукалия университетінің «Ескі түрік кезеңдері» (Орхон, Ұйғыр, Қарахан, Хорезм-Қыпшақ) тақырыбында академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде қашықтықтан оқу курстары.

Ғалым-ұстаздың «Ж.Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқыту» монографиялық еңбегі, Қазақ әдебиетін оқыту жүйесіне жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне арналған «Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа инновациялық технологиялар арқылы меңгертудің тиімді жолдары»оқу құралы, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу құралы,«Бағалаудың өлшемдік технологиясы» оқу-әдістемелік құралы, «Ж.Аймауытовтың шығармаларының көркемдік ерекшелігін таныту» атты әдістемелік құралдары баспадан шыққан.

Республикалық сайтта https://kopilkaurokov.ru «Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқыту», «Ер тұлға келбеті» сыныптан тыс сабақ, «Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін оқыту» тақырыбындағы сабақтары ұсынылған.

100 ден артық ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми мақалалары Прага, Анкара, Қырғызстан, Ресейде өткізілген халықаралық және республикалықғылыми-тәжірибелік конференцияларда жарияланған.

Шәкірттері қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен үнемі қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар, Республикалық ғылыми жобалар байқауында ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары, «Шәкәрім оқулары»,«Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадаларының жеңімпаздары атанған.

Білім беру үшін жасап жатқан еңбегі бағаланып, ШҚО білім басқармасының Құрмет Грамотасымен, Семей қалалық білім бөлімінің, қалалық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен,Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өткен аймақтық пәндік олимпиадада сапалы оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат, қалалық білім бөлімінің оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар байқауына оқушыларды дайындағаны үшін «Ғылым шыңына жетелеуші» номинациясы, облыстық білім басқармасының «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңіне «Жазушылар» бағыты бойынша оқушыны дайындағаны үшін дипломмен, қалалық білім бөлімінің «Жас ақындар» мүшәйрасына оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хатпен, қалалық білім бөлімінің оқушыларға сапалы білім берудегі шығармашылық еңбегі үшін Мақтау қағаздарымен, Шәкәрім университетінің ректорының алғыс хаттарымен марапатталған. 

Еліміздің білім беру саласында қызмет етіп, жас ұрпақты тәрбилеу ісіне қосып келе жатқан үлесі үшін 2018 жылы «Ы.Алтынсарин» төсебелгісімен марапатталған. 

42 жылдық ұстаздық қызметінің 27 жылын осы мектепте шәкірт тәрбиелеуге арнаған.

admin Thu, 25 Apr 2024 15:16:45 +0600
Акманова Ғалия Рахметоллақызы https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1177-akmanova-alija-rahmetollayzy.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1177-akmanova-alija-rahmetollayzy.html

1978 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогика училищесін «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарында оқыту» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы 1978 жылы басталды. 1986-1991 жылдары аралығында Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығыбойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі – 22 жыл, ғылыми еңбек өтілі – 24 жыл. 

1996-2000 жылдары Семей қаласының №22жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде ұстаздық қызмет еткен. Мектеп оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, 7 «А» сыныбына сынып жетекшілік міндетін атқарған. Осы жылдары Ғалия Рахметоллақызы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізген. Сабақ берген 10 «А» сынып оқушысы Азамат Азатұлын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен пәндік олимпиадаға даярлап, соңғысы қалалық, облыстық пән олимпиадасынан I орынды иеленген. Оқушысы Азамат Азатұлы 2000 жылы наурыз айында БҚО-ның Орал қаласында оқушылар арасында ұйымдастырылған республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі орындыжеңіп алған.Қазіргі уақытта Азамат Азатұлы Әлихан Бөкейхан университетіндекорпоративтік даму және маркетинг жөніндегі проректоры лауазымында қызмет атқаруда. 

Ғалия Рахметоллақызы мектеп оқушыларымен «Драмалық үйірме» жұмыстарын жетік ұйымдастырып, драма мүшелері «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», М.Әуезовтің «Абай», «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» және т.б. пьесаларын сахыналаған. Сондай-ақ,   драма мүшелері өздерінің сахналық қойылымдарын қала мектептеріне де дәріптеп, түрлі бағалы сыйлықтар мен марапаттарды иеленген.

Ғалия Рахметоллақызы – 2000 оқу жылынан бастап Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ЖОО студенттеріне мамандығы бойынша дәріс берген.2014 жылдан бастап Әлихан Бөкейхануниверситетінде студенттерге дәріс беруде. 2017-2019 жылдары аралығында университеттің «Педагогика-психология» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Осы жылдары ЖОО оқытушылары мен студенттеріне арнап, «Педагогиканы оқыту әдістемесі», «Тұлғаның психологиялық педагогикалық диагностикасы», «Болашақ маманның кәсіби қызығушылығын қалыптастыру» атты оқу-әдістемелік құралдары Семей қаласының «Zhardem» баспасынан шыққан. 

Бүгінде Ғалия Рахметоллақызы педагогика ғылымдарының кандидаты, Әлихан Бөкейхан университетінде филология факультетінің доценті. Ұжым арасында өзін адал, ашық, зиялы, жауапты қызметкер ретінде көрсетеді. Әріптестер мен студенттер арасында сыйлы.

admin Tue, 23 Apr 2024 09:23:26 +0600
Кусаинова Канияш Савеновна https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1165-kusainova-kanijash-savenovna.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1165-kusainova-kanijash-savenovna.html

01.05.1954 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі – арнаулы орта, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі 1975 жылы бітірген. Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі: 40 жыл.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары мол әлі сыртқа шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында

Қандай жақсы, шын бақытын тапса адам.

         Ұстаз күн сайын шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себуге ұмтылатын осы бір жылы жүзі жайдарлы жанға әр шәкірттің алғысы шексіз. Осындай құрметке ие болған №22 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Канияш Савеновна.

Марапаттары: 

2000 ж.Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы.

2004 ж.қалалық білім және жастар басқармасының Құрмет грамотасы

2005ж. Қалалық әдістемелік құралдар байқауы ІІІ орын

2011-2012 ШҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы

2014 жылы «Білім беруге үлкес қосқаны үшін (За вклад в развитие образования)» медаль. Шәкірттерінің көпшілігі НЗМ-нің түлектері, қазіргі кезде барлығы жоғары қызметте.

admin Mon, 15 Apr 2024 12:01:53 +0600
Сабырбекова Фарида Қызыровна https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1163-sabyrbekova-farida-yzyrovna.html https://22-semey.edu.kz/rmet-tatasy/rmet-tatasy-ardager-stazdarymyz/1163-sabyrbekova-farida-yzyrovna.html

1963-1971 жылдары Семей облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті 8 класты үздік бітірді.

 1971-1975 жылдары Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжін үздік бітірді. 1994-1997 жылдары Шәкәрім атындағы университетін тәмәмдаған. 

1975-1979 жылдары Семей облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 1979-1987 жылдары Қарағанды қаласында №7 қазақ мектеп-интернатында бастауыш сынып мұғалімі, 1987-2014 жылдар аралығында №22 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі және логика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 

         1987 жылы Крупская атындағы сыйлыққа ұсынылған.   1994 жылы Казақстан Республикасы «Білім беру үздігі» медалінің және  «Білім саласына  қосқан үлесі үшін» медалінің иегері. «Авторлық түрленген бағдарламаларының үздік оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі» облыстық сайысының жеңімпазы. Ашимова Перизат Султановнамен бірлесе отырып жазған   «Логикалық ойлау-тұлға дамуының кепілі» атты оқулығы мен жұмыс дәптерлерінің авторы. Бұл жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы БАИ-дың сараптама кеңесінде қаралып, тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. 2010 жылы «Орта Азия мемлекеттеріндегі білім берудің дамуы» атты халықаралық зерттеуі бойынша  Жапон мемлекетінен келген бақылаушыларға логика пәнінен ашық сабақ өткізді.

         Сабырбекова Фарида Кызыровна бастауыш білім беру саласындағы «Логиканың» негізін қалаған бірден-бір ұстаз. Облыс бойынша «Логика»  пәнін бастауыш саласына кіргізген алғашқы ұстаз. Үлгілі сабақтары, озық іс-тәжірибелері Республикалық «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журналына, «Ұстаз» облыстық газетіне шығып отырды. «Логикалық ойлау өнері» тақырыбында қалалық бастауыш сынып конференциясында тәжірибесін таратты. «Педагогикалық шеберлік керуені» атты ІІ облыстық сайысына  қатысып, педагогикалық технологиялар аукционының қорытындысы бойынша «Білім берудегі инновация» номинациясын жеңіп алды.  

admin Mon, 15 Apr 2024 11:59:10 +0600