2026 жылғы 22 қаңтар күні мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы
Колледж өкілдері оқу орнының материалдық-техникалық базасы, білім беру бағыттары мен мамандықтары, оқу мерзімі, қабылдау талаптары, грант және ақылы бөлім мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар заң, техникалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтардың ерекшеліктері, олардың болашақтағы маңыздылығы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.