Мақала
Болашаққа жарқын қадам-ҚазҰУ. Әрбір тұлға өзінің болашағын ойлайды және сол үшін үлкен қадамдар мен шешімдер қабылдауы керек. Абай атамыздың «Сен де-бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөздері біздің білім саласына да қатысты деп ойлаймын. Адам бұл өмірде маңыздылығын жоғалтпай өзінің орнын табуы үшін ақыл-ойын әрдайым дамытуы міндет. Қазіргі заман да, табиғат пен қоғам да дәл осыны талап етуде. Заманнан қалмау, табиғат құбылыстарын бақылау, қоғамдағы мәселелерді шеше білу