Мектеп-лицейімізде аймақтық деңгейде «Хакатон – 2026» байқауы
Сайысқа №10, 11, 32, 39 мектептер командалары қатысты. Іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық ойлауын дамытуға және ІТ саласына деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды. Байқау барысында қатысушылар бағдарламалау мен жобалау дағдыларын қолданып, өз идеяларын нақты жобалар түрінде ұсынды. Командалық жұмыс арқылы олар заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың маңызын көрсетті. Ұйымдастырушылар: Тайтулеуова Гулнар Серикбековна, Тусупханова Айнаш Кенесбековна