Купанов Ержан Ахметкалиевич

Купанов Ержан Ахметкалиевич - тарих пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыруда жоғары білікті маман. «Қазақстан тарихынан» бүкіл республикаға жыл сайын таратылатын «Талапкер» анықтамалық тест жинағының авторы. Дебат клубы жұмысының өркендеуіне зор үлес қосуда. Республикалық пікір-сайыс турнирінде 2019 жылы 11 -сынып оқушысы Мамытова Аяулы және 9 сынып оқушысы Сапаралы Аяжан 2- орын, 2021-22 оқу жылы Нығметжанова Жайдары облыстық дебаттан ІІ орын, 2022-2023 оқу жылы 3-орын, Абай облыстық дебат сайысынан 1- орын, Бақытова Айым, ВА-банк тобы Астана қаласында өткен Республикалық сайысқа қатысып келді. Көптеген шәкірттері олимпиадалар жүлдегерлері, кәсіби шеберлігінің арқасында шәкірттері ҰБТ -дан 100% көрсеткішке ие болып, жоғары балл жинаған шәкірттері мемлекеттік грант иегерлері атанып, жоғары оқу орындарында, шет елдерде білім алуда, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде.
