Зейноллаева Жанар Амировна

2012 жылы №22 жалпы орта мектептің шағын орталығына әдіскер болып жұмысқа орналасты. Қызметінің алғашқы күнінен ақ әділетті, турашыл, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін жұмсақ мінезімен, ізденімпаздығы мен жаңашылдығымен әріптестерінің ортасында үлкен беделге ие болды. 2010-2015 жылдарда мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие ісіне белсене араласып, 2011 жылы Өскемен қаласында өткен облыстық «Білім ұясы» Үздік шағын орталық конкурсына қатысып Бас жүлдені жеңіп алып, облыстың атынан Астана қаласында өтетін «Білім ұясы» «Үздік шағын орталық» конкурсына жолдама алды. 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің ұйымдастырған ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БІЛІМ ҰЯСЫ» КОНКУРСЫ ҮЗДІК ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ сайысынан жүлделі ІІ орынды иеленді. Өзінің еңбек жолында тәрбие ісіне де белсене араласып, 2015-2021 жылдар аралығында №22 жалпы орта білім беретін мектеп- лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ІІІ категориялы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша қызмет атқаруда.
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса ол елдің еңсесі де биік болады. Осы орайда Интеллект пен NurBilim орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық дарынды, үздік оқушылар сайысына көптеген оқушыларды қамтып, қатыстыруда. «Әлихан Бөкейхан» атындағы ұлттық білім сайысының облыстық, республикалық кезеңдерінде оқушылары жүлделі І, ІІ орындарды иеленді. 2022 жылы 10- сынып оқушысы Дауылбаева Жансұлу Республикалық ғылыми жарыстардың қалалық кезеңінен 2- орынды иеленді.
