21
январь
2023
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ, МУЗЫКА ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІ
Қазақ тілі және музыка пән бірлестігінде 9 мұғалім бар. Әдістемелік бірлестіктің мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлығын және сабақ беру әдістемелерін үздіксіз жетілдіру арқылы оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейлерінің артуына ықпал ету. Бірлестік мұғалімдері ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жұмыс жүргізеді, жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгерген, өз тәжірибелерінде тиімді қолданады. Әдістемелік шеберлігін, кәсіби деңгейін арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізуді көздейді, білім сапасын көтеру мақсатында үздіксіз жұмыс жасап, мектеп оқушыларын жан-жақты шығармашылыққа баулиды.
