Менің болашағым» атты мотивациялық тренинг
11-сынып оқушыларымен «Армандар картасы: Менің болашағым» атты мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар болашақтағы өз өмірін елестетіп, мақсаттарын айқындап, армандарын визуалды түрде бейнеледі. Әр қатысушы өз жүрек қалауын тыңдап, алдағы өмір жолына жоспар құруға қадам жасады. Армандар картасын жасау – жай ғана шығармашылық жұмыс емес, бұл – өз болашағына жауапкершілікпен қараудың бастамасы.