Үйірмелер, спорттық секциялар » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Аймақтық робототехника олимпиадасы
24
April
2026
Аймақтық робототехника олимпиадасы
Аймақтық робототехника олимпиадасында Innovators SENIOR категориясы бойынша 3-орын Сергазыева Жаннұр Сапаралы Азат 2-орын Қабыкеноа Әділжан Серік Ильяс Robosports категориясы бойынша 2-орын Алдонгаров Аслан Абдукаримов Жәнібек Жетекшісі:Тайтулеова Гүлнар Серікбековна Тлекенова Алемгуль Мураткановна Аймақтық робототехника олимпиадасында Innovators Elementary категориясы бойынша Қоңырғазы Мерей, Мейрамбек Нариман III орын Robo Mission Elementary категориясы бойынша Қайрат Асанали, Қанатұлы Азиз
Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық «Vatanparvarlar» әскери-спорттық жарысында Қазақстан атынан сынға түсетін оқушымызға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз.
16
April
2026
Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық
Абай облысының намысын абыроймен қорғауға аттанған жас сарбазымыз — мектебіміздің мақтанышы Әлмұрат Әділге ақ жол тілейміз! Сәуір айының 19–25 күндері аралығында Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өтетін халықаралық «Vatanparvarlar» әскери-спорттық жарысында Қазақстан атынан сынға түсетін оқушымызға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз. Ел сенімін арқалаған әр қадамың нық болып, көк туымызды биіктен желбіретіп қайтуыңа тілектеспіз! Ақ жол, Әділ! 🇰🇿
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті
15
April
2026
«Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды
Бүгін мектебімізде «Жастар таңдауы – сапалы мемлекеттік басқару» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол пікірсайыс алаңы өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігін терең түсіндіру болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдады. Арнайы келген құрметті қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы құнды мағлұматтар ұсынды.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы.
14
April
2026
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жасөспірімдер арасында Абай облысының жекелей чемпионаты қорытындысы. 13 жас бойынша: Берікқанов Ердос-калассика 1 орын, рапид 1 орын, блиц 1 орын. 11 жас бойынша: Қапанова Іңкәр-рапид 2 орын, блиц 3 орын. 11 жас бойынша: Сәкен Нұрсұлтан-калссика 3 орын, рапид 3 орын алып Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!
Тоғызқұмалақтың классика түрінен 9, 10, 13 жас кіші жасөспірімдер арасында өткен «Абай облысының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» біріншілігі
05
April
2026
Тоғызқұмалақтың классика түрінен 9, 10, 13 жас кіші жасөспірімдер
Тоғызқұмалақтың классика түрінен 9, 10, 13 жас кіші жасөспірімдер арасында өткен «Абай облысының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» біріншілігінде жоғары спорттық шеберлік, тапқырлық пен зеректік танытып Сәкен Нұрсұлтан 11 жас-3 орын, Тұрсын Айсара 11 жас-3 орын, Қапанова Іңкәр 11 жас-2 орын, Берікқанов Ердос 13 жас-3 орын алып, облысқа жолдама алды.
Асық атудан қалалық турнир
02
April
2026
Асық атудан қалалық турнир
Ұлыстың Ұлы күні "Наурыз " мерекесіне арналған асық атудан қалалық турнирде 1 орын алған 6"В" сынып оқушысы Есен Мирас. Сынып жетекшісі: Смагулова ГА
Асық атудың “Бес табан” сайысы
22
March
2026
Асық атудың “Бес табан” сайысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт күніне арналған Асық атудың “Бес табан” түрінен оқушылар арасындағы Семей қаласының ашық турнирде 22 мектеп-лицей командасы 1-орынға ие болды. Команда құрамы Арнұрұлы Әмір, Топтамасы Альтаир, Советжан Надир Құттықтаймыз!
Жас ұлан әскери спорттық ойынының республикалық финалының облыстық кезеңі
20
March
2026
Жас ұлан әскери спорттық ойынының республикалық финалының облыстық
Жас ұлан әскери спорттық ойынының республикалық финалының обылыстық кезенінде Семей қаласының намысын қорғаған – №22 мектеп-лицей оқушылары! Белтемірге тартылу және автомат жарақтау жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, Әлмұрат Әділ🥇 І орын және Әділбек берік🥈 ІІ орын иеленді. Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі! «Арлан» тобының оқушылары Семей қаласының атынан қатысып, өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Жетекшісі: Жұмашев Әсет Асқарұлы