«Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
13.04.2026 ж. мектебімізде «Жас маман – жаңа қадам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында жас ұстаздардың шығармашылығы, тың идеялары мен жаңашыл бастамалары көрініс тапты. Апталықтың басты мақсаты – жас мамандарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және кәсіби дамуына серпін беру. Алдағы күндері жас мамандарымыз ашық сабақтар, креативті іс-шаралар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. 📚✨ Жас мамандарға сәттілік тілейміз! #ЖасМаман #Апталық #Білім