Республикалық балалар оқулары байқауының l қалалық кезеңінде 8 "Ә" сынып оқушысы Мерсалихова Аруна 2-орынды иеленді. Пән мұғалімі: Ногаева Багжан Макашевна Құттықтаймыз! 👏🏼👏🏼👏🏼
Құттықтаймыз! 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан 9 "А" сынып оқушысы Ауезова Зере жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңісің құтты болсын! Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Сакен Самат Сакенұлы.
04.10.2023 ж Бастауыш бірлестік отырысы 📚📚📚 Мектеп директоры А. Н. Исимбекова және бастауыш сынып ұстаздарының қатысуымен өткен бірлестік отырысының тақырыбы: "Сабақтағы жаңа әдіс- тәсілдер" Мақсаты: Оқытуда , тәрбиелеуде жаңаша әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылады, мұғалімдер өз шеберлігін арттырады. Өткізілу түрі: кофе брейк
2023 жылғы 17 қыркүйекте Семей қаласының «Қала күні» мерекесіне орай өткізілген «Туған қалам-Семейім» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушысы Ихтисат Шыңғыс. Пән мұғалімі: Тлебалдина Н.К Құттықтаймыз!👏
"AQ SUIEK" санатында Абай облысы бойынша "KazRoboSport-2023" іріктеу кезеңі барысында №22 ЖОББМЛ оқушылары Сапаралы Азат, Қабыкенов Әділжан І орын алып, республикаға жолдама алды. Жетекші мұғалімдер: Тусупханов А.К., Тлекенова А.М.