Мектебімізде «Таза Бейсенбі» акциясы аясында үлкен сенбілік өтті.
🌿 Тазалық — табалдырықтан басталады! Мектебімізде «Таза Бейсенбі» акциясы аясында үлкен сенбілік өтті. Оқушылар мен ұстаздар жұмыла кірісіп, мектеп ауласын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мақсатымыз — қоршаған ортаны аялау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және еңбекке баулу. Бірлесе атқарған істің нәтижесі көз қуантады! ✨ Бәріміз бірге таза қала, таза мектеп үшін! 🇰🇿