23
April
2026
9-сынып ата-аналар жиналысы өтті

9-сынып ата-аналар жиналысы өтті
Мектебімізде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында төмендегі өзекті мәселелер қарастырылды:
🔹 ББЖМ қорытындысы
2025–2026 оқу жылы бойынша білім алушылардың білім деңгейі мен нәтижелері талданып, қорытындылар ұсынылды.
🔹 Білім сапасы
Оқу жылы бойынша білім сапасының көрсеткіштері сараланып, алдағы уақытта оны арттыру жолдары талқыланды.
🔹 Мемлекеттік емтихан
9-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы, емтихан форматы мен дайындық барысы түсіндірілді.
🔹 Кәсіби бағдар беру жұмыстары
Оқушылардың болашақ мамандық таңдауы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бағыт-бағдар берілді.
🔹 ЖОО-ға түсудегі өзгерістер
Білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен жоғары оқу орындарына түсу талаптары туралы ақпарат берілді.
🔹 Әртүрлі мәселелер
Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Қорытындысы бойынша нақты қаулы қабылданып, алдағы жұмыстардың бағыты айқындалды.
#Ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс – оқушы табысының кепілі!
