22
April
2026
Кітаптан экранға – Көксерек: әдеби киносағат

📚Кітаптан экранға – Көксерек: әдеби киносағат
22 сәуір күні Абай кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне арналған апталық аясында «Кітаптан экранға – Көксерек» атты мазмұнды әдеби киносағат ұйымдастырылды. Іс-шараға қаламыздағы №22 мектеп-лицейінің «Жас сарбаз» кадет оқушылары қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесін жас оқырманға кеңінен таныстыру, шығарманың көркемдік құндылығын насихаттау, сондай-ақ әдеби туынды мен киноөнер арасындағы байланысты көрсету.
Көркем фильм көрсетілімінен кейін оқушылардың әдеби туындыны терең меңгеруіне бағытталған танымдық талқылау өткізілді. Оқушылар кейіпкерлердің мінез-құлқы, табиғат пен адам арасындағы тартыс, адалдық пен қатігездік мәселелері жөнінде өз ойларын ортаға салды. Шығарма мазмұны бойынша викториналық сұрақтар қойылып, оқушылардың белсенділігі мен білім деңгейі сарапқа салынды. Сондай-ақ қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ойын элементтері ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында «Кітап – ғажап әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға әдеби мұралар кеңінен таныстырылды. Кітапхана мамандары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру ме.
@abai.kitapkhana
