30
March
2026
Жер сағаты
Біздің мектебіміз 2026 жылғы 28 наурыз күні өткен бүкіләлемдік «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты.Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, электр энергиясын үнемдеу және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл бастама табиғат ресурстарына ұқыпты қарауға және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған. 