Тәрбие сағаты » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30
March
2026

Тәрбие сағаты


8 «А» сыныбында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығы негізінде және 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – рухани қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; оқуға деген қызығушылығын арттыру; өз ойын еркін жеткізуге, топта жұмыс жасауға үйрету. 10 минуттық қауіпсіздік сабақтың бөлімінде «Әзілден қауіпке дейін: қауіпті уақытында қалай тануға болады» тақырып төңірегінде оқушылармен әңгіме жүргізілді. Бұл бөлімдегі іске асырылған мақсаттар: оқушыларды зиянсыз әзілдер мен қауіпті жағдайлардың арасындағы шекараны ажыратуға үйрету; мінедеттері: күмәнді жағдайларда қауіпсіздік ережелері мен іс-қимыл алгоритмдерін қолдануды үйрету; зиянсыз көрінуі мүмкін әлеуетті қауіп-қатерді қандай белгілер көрсететінін түсіндіру. Апта дәйексөзі: «Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айрылмас азап». Абай Құнанбаев.
Сынып жетекшісі: А.А. Габдуллина