Дөңгелек үстел
Alikhan Bokeikhan University-нің Informationтық технологиялар және экономика факультеті Қолданбалы биология кафедрасы оқытушыларымен бірлесіп, “Жас мұғалімдерге арналған оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері”тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жас мұғалімдерге оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдарын түсіндіру, ғылыми жоба тақырыптарын таңдауда әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу болды.
Іс-шара барысында оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, ғылыми жобаларды жоспарлау мен орындаудың кезеңдері, нәтижелерді рәсімдеу талаптары және байқауларға дайындау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жас мұғалімдердің кездесетін қиындықтары мен оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу өтті.
Дөңгелек үстелде баяндама жасаған профессор-оқытушылар құрамы:
1. Ашакаева Рысгуль Улыбаева,PhD, аға оқытушы (Химия) – оқушылардың зерттеу жұмыстарында химиялық эксперименттерді ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
2. Кунанбаева Нургуль Сериковна, аға оқытушы (Биология) – биология пәні бойынша ғылыми жобалардың бағыттары мен тақырыптарын дұрыс таңдаудың маңыздылығына тоқталды.
3. Асанова Ұлбала Есентуровна, аға оқытушы (Биология) – оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытудағы мұғалімнің рөлі мен жетекшілік ету тәсілдері жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
4. Турсынханова Айым Елтаевна,аға оқытушы (Биотехнология) – биотехнология саласындағы заманауи зерттеу бағыттары және оларды мектеп оқушыларына бейімдеу жолдары туралы баяндады.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Дөңгелек үстел жас мұғалімдер үшін тәжірибе жинақтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары біліктілік пен ғылым жолындағы магистранттар:
Биология пәні мұғалімдері:
Саяхова.Г.Т
Қайырлыбекқызы.Ә
Информатика пәнінің мұғалімдері: Тусупханова.А.К
Тлекенова.А.М
