КӘСІПОДАҚ – ҰЖЫМНЫҢ ҚОЛДАУШЫ КҮШІ
Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім – болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым-кәсіподақ және ұжым арасында зор сенімге, айтулы беделге ие ұйым. Бұл қоғамдық ұйым мектебіміздің сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры. Ұжым мүшелерінде болып жатқан барлық жағдайларды біле отырып, олардың бірлігіне және де алаңсыз қызмет атқаруына өз үлесін қосуда.
Осы орайда мектеп басшылығы мен кәсіподақ ұйымы да жоспар аясында жұмыс жасай отырып, айтарлықтай нәтежелі еңбектерге қол жеткізіп келеді. Ұйымда 164 кәсіподақ мүшесі есепте тұрады. Кәсіподақ ұйымының ең қуатты құралы – бұл ұжымдық шарт. Осы мақсатта келісім – шарттар Еңбек кодексіне сай құрылып, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар тарапынан қайта қаралып келісіліп, өзіндік талаптары мен шарттары бекітілді. Біздің кәсіподақ ұйымының мақсаты - мұғалімдер мен жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқығының қорғалуына әркез көмек беріп, қолдау көрсету.
2013-2023 аралығында мектепішілік кәсіподақ мүшелері үнемі мұғалімдер мен кіші қызметерлердің мүддесіне бағытталған жұмысатқаруда. Жазғы демалыс кезінде жыл сайын Мойылды, Сарыағаш, Көктем, Алакөл шипа жайына жеңілдік пен жолдамалар сұранысқа байланысты беріліп тұрылады. Әр ұжым мүшесінің 50 жастанбастап мерей жастары назардан тыс қалMayды. . Сонымен қатар отбасының басты мүшелерінің қайғысына қолдау көрсетіледі. Осы екі жағдайға да кәсіподақ мүшелерінің келісімімен ұжым жарнасынан белгіленген қаражат бөлінеді.Сонымен қатар бұл шараларға ұжымның ерікті қаржылай қолдауы ұйымдастырылып отырады.
Кәсіподақ ұйымы ұжымдық шартта көрсетілген жастар саясаты, еңбек ақысы төмен кіші қызметкерлерге және спорттық шараларға әрқашан да демеуші.
Жас маман сайысына, кіші қызметерлердің мектеп жөндеу жұмыстарынан кейінгі демалысына және мектеп спортшыларына тұрақты түрде жарнадан қаржы бөлінеді.
Ұзақ мерзімдіден саулығына байланысты еңбекке жарамсыз болып қалған ұжым мүшесіне бір реттік қаржылай қолдау көрсетіледі.
2020 жылы Ковид кезінде бес кіші қызметкерлерге бір жолғы қолдау көрсетілді.
«Мектепке жол» аясында жылда бір-екі кіші қызметерге жалғыз басты аналарға бір жолғы демеушілік көрсетіледі.
Сонымен қатар Ұстаздар күні, Жаңажыл, 8 наурыз, 7 May мейрамдарында әрдайым ұжым мүшелері сыйақын емес, сол сый ақының мөлшерінде сыйлық беріледі.
Ұжымдық мейрам өткізу де кәсіподақ ұйымының басты істерінің бірі болып табылады. Жәнеде бұл мейрам шаралар бір біріне ұқсаMayтын ерекше формата өтеді.
Бұл шаралардың мақсаты –ұжым мүшелерінің ұйымшылдығын басты назарда ұстап, қызметі жағынан не ғұрлым тиімді болуына бағытталған.
Осы игі істердің басында әрдайым өз жұмысына тыңғылықты қарайтын, жауапкершілігі мол, ұжым мен тіл табысуы, ара қатынасы өте жақсы кәсіподақ ұйымының мүшелері: Олжаханова К.А., Есенгелдинова К.А., Омарова А.Н., Тусупханова А.К., жас мүшелері: Отынбаева Д.К., Кыдырбекова Б.К.
Осы уақыт аралығында еңбек қауіпсіздігі ешқашанда назардан тыс қалмаған. Уақытылы еңбек қауіпсіздігінің семинар сабақтары, практикумы өткізіліп тұрады, оған жауапты Көбелеков. Ұжым да жарақаталу жағдайы тіркелмеген.
Әрине, бұл жұмыстардың бәрі кәсіподақ ұйымдарында ұстаздардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік – экономикалық қызметін қорғауды жетілдіру және бұқара арасында білім қызметкерлерінің мәртебелерін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар деп есептеймін және де кәсіподақтардың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі бұл – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады және де ұжымның әр мүшесі кәсіподақтың қолдаушысы.
Білім саласының дамуына, білім қызметкерлері кәсіподағының жарғылық міндеттерін жүзеге асырудағы нәтижелі қызметі, ұжымдық шарттың талаптардың орындалуына, кәсіподақ мүшелелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда жоғарыда аталған Ұстаздар өз қызметін мінсіз атқаруда.
