Райханова Динара Серікболқызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
10
April
2023

Райханова Динара Серікболқызы

Райханова Динара Серікболқызы - география пәні  мұғалімі, заманауи білім беруде жаңашыл технологияларды игеруге ден қойған  жас ұстаз. Жүйелі жүргізген жұмыстары оңды өзгерістермен ерекшеленеді.   Шәкірттері   география  пәнінен қалалық, облыстық, республикалық олимпиада жүлдегерлері.«Зерде»  ғылыми жоба қалалық  кезеңінде 5-сынып  оқушылары Сергазиева Жаннұр және Тастанбек Гаухар 3-орын алды.  "Зияткер жастар орталығы" Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  ұйымдастырған   «Best ғылыми жоба» аталымы бойынша  І дәрежелі   дипломды  Аманғазина Ажар  иеленді. Республикалық Әлихан Бөкейханов атындағы олимпиадада  география пәнінен  қалалық, облыстық, республикалық  кезеңінде 11- сынып оқушылары Айткалиева Меруерт, Қайратқызы Қымбат, Рахметоллаева Еңлік, Мұратбекова НазлыІ дәрежелі  дипломмен   марапатталды.

    Мектепішілік "Best Педагог-2022" сайысынан "Бас жүлде",  "Best Педагог-2022" Республикалық  байқауына қатысып, "Best" деп танылды. Алғыс хат "Зияткер жастар орталығының"  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырған  Республикалық  "Best ғылыми жоба" байқауына шәкірт  дайындағаны үшін  мақтау қағазымен марапатталды.  Алматы қаласында өткен Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық  баспасөз басылымында  «Best сабақ-2021»аталымын жеңіп алды.