Жарқын болашақ-нақты ғылымдардың дамуы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
02
September
2024

Жарқын болашақ-нақты ғылымдардың дамуы

Мектептің жүрегі-ұстаз. Жақсы ұстазшәкіртін жігерлендіреді,білім нәрімен бөлеп,тәрбиемен сусындатады. Қазіргі мұғалім-ол кәсіби маман. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның кәсіби қажеттілігемен анықталады. Қазіргі мұғалімнің, ұстаздың айрықша ерекшеліктері-оның үнемі өзін өзі жетілдіріп отыруы,өзін-өзі сынауы,эрудициясы және жоғары жұмыс мәдениеті. Өзін-өзін тәрбиелеу қажеттілігінсіз мұғалімнің кәсіби өсуі мүмкін емес. Қазіргі мұғалім қол жеткізген нәрсеге ешқашан қанағаттанбауы керек. Бұл өте маңызды. Математика пәні мұғалімдері Тұрлыбекова Тұрсынгүл Ыдырысбекова, Жакитова Рысқайша Жүзжасаровна, Смагулова Гульнар Капановна, Нугиева Балжан Жанарбековна, физика пәні мұғалімдері Сулейменова Мара Хасенғазиевна, Баймағұл Жұмабек Сулейменович сияқты  ұлағатты ұстаздарымыздан  алған тәлім-тәрбиеміз, біз үшін үлкен мәртебе және де мектебіміздің өркендеуіне атқарған еңбек жолдары бізге үлгі өнеге болып қала бермек. Қазіргі таңда ұлағатты ұстаздардың сара жолымен еңбек етіп жатқан мектебімізде математика,физика және информатика пәндерінің ұстаздарынан құралған МИФ бірлестігінде барлығы 18 мұғалім қызмет етеді. Оның 7-уі педагогика ғылымдарының магистрі, 10-ы педагог зерттеуші, 6-уы педогог сарапшы, 1-уі педагог модератор дәрежесінде еңбек етеді.