Материалы за Апрель 2026 года » Страница 12 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен «BORN2SWIM-2026» халықаралық турнирінде 5 «А» сынып оқушысы Қанатұлы Ескендір халықаралық аренада топ жарды!
10
April
2026
Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен «BORN2SWIM-2026» халықаралық
05 сәуір күні Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен «BORN2SWIM-2026» халықаралық турнирінде 5 «А» сынып оқушысы Қанатұлы Ескендір халықаралық аренада топ жарды! Ескендір шеберлігі мен қажырлы қайратын көрсетіп, үш бірдей алтын медальді қанжығасына байлады: • 🥇 Брасс – 1-орын • 🥇 Баттерфляй – 1-орын • 🥇 Еркін жүзу – 1-орын Құттықтаймыз👏👏👏 Бұл – жас спортшының тынымсыз еңбегі мен жеңіске деген талпынысының жемісі!
«10-минуттық үзілісте кітап оқимыз» жобасы
10
April
2026
«10-минуттық үзілісте кітап оқимыз» жобасы
📖✨ «10-минуттық үзілісте кітап оқимыз» ✨📖 Үзіліс – демалуға ғана емес, пайдалы іс жасауға да жақсы уақыт 😉 Біз 10 минутты кітап оқуға арнаймыз ⏰📚 Себебі кітап – білімнің сарқылмас қазынасы 💎 Кітап оқу арқылы біз ойымызды дамытамыз 🧠 жаңа ақпарат аламыз 💡 және қиялымызды кеңейтеміз 🌈✨ Күн сайын аз-аздан оқысаң, үлкен нәтижеге жетесің! 🚀 Кітаппен дос болайық! 🤝📖 Жауапты 5-сыныптар
Республикалық пәндер олимпиадасы қалалық кезеңі 4 “Б” сынып оқушысы Сатбек Зере қазақ тілі пәнінен 1 орын
10
April
2026
Республикалық пәндер олимпиадасы қалалық кезеңі 4 “Б” сынып оқушысы
3-4 сыныптар арасында Республикалық пәндер олимпиадасы қалалық кезеңі 4 “Б” сынып оқушысы Сатбек Зере қазақ тілі пәнінен 1 орын, жетекшісі Нугибаева Назигул Дуйсенбековна👏👏👏Құттықтаймыз! Our achievements көп болсын!
Шәкәрім университетінде “Study in Kazakhstan” атты кәсіби бағдар беру шарасы өтті
09
April
2026
Шәкәрім университетінде “Study in Kazakhstan” атты кәсіби бағдар беру
09.04.2026 күні Шәкәрім университетінде “Study in Kazakhstan” атты кәсіби бағдар беру шарасы өтті 📚✨ Аталған шараға біздің мектептің 11-сынып оқушылары қатысып, болашақ мамандықтары туралы маңызды ақпарат алды. Оқушылар еліміздің әр түрлі жоғары оқу орындарымен танысып, білім беру бағдарламалары мен грант мүмкіндіктері жайлы білді 🎓 Бұл кездесу әрқайсысына өз жолын таңдауға үлкен мотивация сыйлады. Болашаққа жасалған маңызды қадам! 🚀
Мектебімізде «Таза Бейсенбі» акциясы аясында үлкен сенбілік өтті.
09
April
2026
Мектебімізде «Таза Бейсенбі» акциясы аясында үлкен сенбілік өтті.
🌿 Тазалық — табалдырықтан басталады! Мектебімізде «Таза Бейсенбі» акциясы аясында үлкен сенбілік өтті. Оқушылар мен ұстаздар жұмыла кірісіп, мектеп ауласын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мақсатымыз — қоршаған ортаны аялау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және еңбекке баулу. Бірлесе атқарған істің нәтижесі көз қуантады! ✨ Бәріміз бірге таза қала, таза мектеп үшін! 🇰🇿
«Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» тәрбие сағаты 5 Б сыныбы
09
April
2026
«Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» тәрбие сағаты 5 Б сыныбы
Тақырыбы: «Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттар достығы, өзара құрмет, татулық және бейбітшілік құндылықтарын қалыптастыру арқылы көпұлтты Қазақстан қоғамында бейбіт өмір сүрудің маңызын түсінуге тәрбиелеу. 5 "Б" сынып жетекшісі: Тусупханова А.К.
6 «А» сыныбында «Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
09
April
2026
6 «А» сыныбында «Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» тақырыбында
6 «А» сыныбында «Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ұлттар арасындағы достық, сыйластық, татулық ұғымдарының маңызын түсіндіру, түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Мұхамедиярова Аружан Дәуренқызы