Материалы за Январь 2026 года » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«Біз жаңа ортадамыз» тақырыбында мектебімізге жаңадан келген оқушыларға арналған психологиялық тренинг өтті.
22
January
2026
«Біз жаңа ортадамыз» тақырыбында мектебімізге жаңадан келген
Тренингтің мақсаты – оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ету, бір-бірімен жақын танысуына жағдай жасау және қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Тренинг барысында түрлі сергіту жаттығулары, топтық жұмыстар және танысу ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-біріне қолдау көрсетуге үйренді. Әр тапсырма оқушылардың сенімділігін арттырып, ұжымдық бірлікті қалыптастыруға бағытталды.
“Мәшһүр Жүсіп оқулары”байқауы қалалық кезеңі
21
January
2026
“Мәшһүр Жүсіп оқулары”байқауы қалалық кезеңі
1. 9 «Ә» сынып оқушысы Бақытбек Абдурахим ІІ орын, I бағыт «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақытым мен де білген» ақындар мүшәйрасы.  2. 9«Ә» сынып оқушысы Бауыржан Томирис ІІІ орын,  IV «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар.  Жетекшісі: Тусупбаев Самат Қайсаұлы Құттықтаймыз👏👏👏
2026 жылғы 21 қаңтарда 11-сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасы арқылы «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
21
January
2026
2026 жылғы 21 қаңтарда 11-сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасы
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат ұсыну және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру болды.  Онлайн кездесуге Абай облысы білім басқармасының өкілдері және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) профессор-оқытушылар құрамы мен жауапты мамандары қатысты.
11-сынып оқушылары мектебіміздің 1-сынып оқушыларына кітап сыйлады.
21
January
2026
11-сынып оқушылары мектебіміздің 1-сынып оқушыларына кітап сыйлады.
Бұл – білімге, оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған игі бастама. Осы челленджді мектебіміздің барлық оқушыларына жолдаймыз! Кітап сыйла – біліммен бөліс, оқуға деген қызығушылықты бірге арттырайық!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасы жалғасуда! 🌈
21
January
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар
⏰ «10 минуттық үзілісте кітап оқимыз» жобасы бойынша 👧👦 оқушылар үзіліс кезінде 📖 қызықты ертегілер мен әңгімелер оқиды. ✨ Кітап оқу арқылы ❤️ адалдықты, 🤝 достықты, 😊 мейірімділікті үйренеміз. 🌟 Кітап – білімге бастар жол! 📚 Кітап – біздің досымыз! 🤗