Материалы за Январь 2024 года » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Декады русского языка и литературы
27
January
2024
Декады русского языка и литературы
В рамках Декады русского языка и литературы 26 января был проведен литературно – музыкальный творческий  вечер «В созвездии блистательных имен», час поэзии   «Созвучие муз»  для учащихся 10-х классов.                                Мероприятие было проведено с целью воспитание интереса к литературе, поэзии, развитие творческих способностей, воспитание эстетических и нравственных чувств учащихся, формирование навыков выразительного чтения.     Читая произведения А.С. Пушкина и Абая, невольно
Абай облысының Ұлттық Мектеп лигасы жарысы
27
January
2024
Абай облысының Ұлттық Мектеп лигасы жарысы
Абай облысының Ұлттық Мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңінде 5-6 сынып қыздар арасында волейболдан жүлделі 🥇 І орынға ие болғаны үшін Семей қаласы № 22 мектеп-лицей командасы марапатталды. Республикалық кезеңге жодама алды.  Жаттықтырушысы: Оңалбаев Е. Т.  Құттықтаймыз!!! 
Математикалық регата
27
January
2024
Математикалық регата
2024 жылғы 26 қаңтарда өткен математика мұғалімдеріне арналған "Математикалық регата" республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде Аметов Ғалымжан Азатович ІІІ орын иеленді.  Құттықтаймыз!👏👏👏
Педагогике арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі
26
January
2024
Педагогике арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі
2024 жылдың 26 қаңтарында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, пән мұғалімдерінің құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өткен Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәні педагогтеріне арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне №22 мектеп-лицейінің Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі Купанов Ержан Ахметкалиевич 🥇1-орын иеленді.  Құттықтаймыз!!! 👏🏻👏🏻👏🏻
ХХV мектепішілік Абай оқулары
24
January
2024
ХХV мектепішілік Абай оқулары
“ХХV мектепішілік Абай оқулары” байқауы 5-кезең бойынша өткізілді. 5-10сынып оқушылары Абай ақынның өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, өз шығармашылығы бойынша өлең арнап, эссе жазды. Байқауға 46 оқушы қатысты, барлық қатысқан оқушыларға мектеп-лицейіміздің алғыс хаты табысталып, әр кезең бойынша жүлделі орын алған оқушылар: бас жүлде, 1, 2, 3-орын иегерлері дипломдармен марапатталды. Бас жүлде алған оқушылар қалалық Абай оқуларына ұсынылды👏
Педагогтерге арналған пәндік олимпиада
24
January
2024
Педагогтерге арналған пәндік олимпиада
23.01.24ж. І қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтеріне арналған пәндік олимпиадаға мектеп-лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бағжан Мақашқызы қатысып 3-орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👏