Каженова Жанар Сабыртайқызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 42-15-97
bookkeeping:
+7(7222) 32-88-44
Version for
visually impaired
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30
May
2005

Каженова Жанар Сабыртайқызы

 1996 жылы Семей мемлекеттік университетін бітіріп,  «Математика, информатика және есептеуіш техника мұғалімі» мамандығын  алғаннан соң Семей қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебіне математика және информатика пәнінің мұғалімі болып  орналасты. Осы білім ордасында 2005 жылға дейін қызмет атқарды. Мектепте ұстаздық, сынып жетекшілік қызметін атқарып, сынып түлектерін шығарды. Қазіргі таңда оқушылары әртүрлі қызмет орындарында жұмыс жасайды. Пән мұғалім ретінде оқушыларды түрлі олимпиадалар мен сайыстарға дайындап, жақсы нәтижелерге жете білді. Ұстаз өз іс-тәжірибесін шыңдай отырып, басқа мектептерде семинарларға қатысып, шығармашылығын танытып отырды.

2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда докторлық диссертациямен жұмыс істеуде.